«Музыканың сиқырлы әуендері!» осындай атаумен 2023 жылдың 2 наурызында Бейімбет Майлин ауданының балалар өнер мектебінде 2-сынып оқушысы Виталина Тарасенконың (мұғалімі Целковская Ирина Викторовна) жеке концерті өтті.
Бір қарағанда, фортепианода ойнау және көрермен алдында өнер көрсету оңай сияқты, бірақ музыканттың, әсіресе жас музыканттың жолы қандай қиын екенін елестете алмайтындар ғана осылай ойлай алады. Өйткені, шеберлікке жету үшін көп еңбектену керек.
Виталина 17 музыкалық шығарманы шебер орындады. Тек пианинода ғана емес! Ол анасы, гитара бойынша мұғалім Виктория Константиновна Даньковамен бірге фортепиано ансамблінде де, гитара дуэтінде де ойнады. Ол сондай-ақ ерекше латынамерикалық укулеле аспабында ойнауды шеберлікпен көрсетті.
Достары, сыныптастары, ұстаздары мен туған-туыстары, өнер мектебінің оқушылары қатысқан концерт нағыз ән мерекесіне айналды. Виталинаға шығармашылық жолын жарқын жалғастырып, жаңа белестерді бағындырып, үлкен шығармашылық шабыт тілейміз!
https://dshi-bmailin.edu.kz/zh-lykt-r4759843/9933-muzykany-si-yrly-uenderi.html#sigFreeId088268e309