29 Мамыр 2023
Жаңалықтар

«KazRoboSport - 2023» байқауының іріктеу кезеңі

2023 жылдың 25 мамырында Қостанай қаласында «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қостанай политехникалық колледжі базасында «KazRoboSport-2023»робо-спорт Республикалық маңызы бар облыстық іріктеу кезеңінің жарыстарын өткізді.

Байқауға Қостанай облысының барлық аймақтарынан мектептердің  робототехника және IT-технологиялар үйірмелері  оқушылары  қатысты.

Бейімбет Майлин ауданын «Бейімбет Майлин ауданының балалар өнер мектебі» КММ оқушылары: Зеленский Станислав, Гордейчук Даниил, Трубицын Данил және Климчик Сергей таныстырды. (Үйірме жетекшісі Приз А.А.). Балаларымыз ауданымыз бен мектебімізді лайықты таныстырып, «Robo ASYQ ATU» номинациясы бойынша 1-орын және «Robo ARQAN TARTYS» номинациясы бойынша 3-орынға ие болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Зеленский Станислав пен Гордейчук Даниил екеуі команда ретінде жарыстың республикалық кезеңіне қатысу үшін Қостанай облысының құрама командасына енді. Байқаудың республикалық кезеңі Астана қаласында өтеді және 2023-2024 оқу жылының күзгі демалыс  кезіне жоспарланған.

Біз балалар мен ұстазды осындай лайықты марапаттарымен құттықтап, бұдан да үлкен жеңістер тілейміз.

Жаңалыктар