6-9 сәуір аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында «Асық ату» ойын түрінен Қостанай облысының чемпионаты өтті.
Жарыс Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының және Қостанай облыстық «Асық ату» федерациясының қолдауымен Қостанай облысының бұқаралық спорттық іс-шараларының бірыңғай күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру, сондай-ақ республикалық жарыстарға қатысу үшін Қостанай облысының құрама командаларын жасақтау үшін ұлттық құрамалардың резервін дайындау және ең мықты спортшыларды анықтау.
Чемпионатқа облыстың төрт қаласы мен 9 ауданынан 140-тан астам қатысушы қатысты. Бейімбет Майлин ауданынан Көшенов Жанболат Дүйсенбайұлының жетекшілігімен Бейімбет Майлин аудандық балалар өнер мектебінің «Асық ату» үйірмесінің оқушылары қатысты. Тартыста қатысушыларымыз 3 жүлделі орынға ие болды: Жақыпов Мейірімжан – 1 орын, Ақылбеков Руслан -2 орын, Жүнайд Ақтілек - 3 орын.
Енді балалар Қызылорда қаласында өтетін Республикалық жарыста ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Шәкірттеріміз бен ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз және Республикалық сайыстарда жоғары нәтижелер тілейміз!
https://dshi-bmailin.edu.kz/zh-lykt-r4759843/10051-asy-atu-ojyn-t-rinen-ostanaj-oblysyny-chempionaty.html#sigFreeIdea5b3fd3a3