2023 жылдың 2 сәуірінде Рудный қаласында «Наурыз» мерекесіне арналған «Тоғызқұмалақ» спорт түрінен қалалық турнир өтті. Турнир «Тоғызқұмалақ» ойындарын кеңінен насихаттау, сонымен қатар мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
Турнирге «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нің екі командасы қатысты. Әйет ауылы «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің командасы (жетекшісі Орынбай Тұралы) және Новоильиновка ауылының осы спорт түрінің үйірме командасы (жетекшісі Хабылхан Қадірбек).
Команда мүшелері өз жас санаттарында өздерінің жоғары кәсібиліктерін және тамаша дайындықтарын көрсетті. Ал байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
Ниязбек Әділет - 1 орын
Сағынбек Нұрасыл - 3 орын
Жұмаш Ерхан - 3орын
Сарсенбай Айжан - 2 орын
Орақбай Айзере - 3 орын
Ноянов Жәнібек - 2 орын
Берік Нурнияз - 3 орын
Орақбай Әдемі - 2 орын
Ниязбек Ерқанат - 1 орын
Алиев Дамир - 3 орын
Мухамбетова Бану - 1 орын
Сейткалиева Наргул - 1 орын
Хабылхан Сапар - 1 орын
Жумабек Тамина - 1 орын
Мейрамбек Адлет - 2 орын
Абай Айару - 2 орын
Мейрамбек Асылы - 3 орын
Қонакбай Аяулым - 3 орын
Жанабай Сезім - 3 орын
Асим Нұрсұлтан - 3 орын
Сақтаған Айару - 3 орын
Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша Әйет ауылың командасы командалық 1 орын алды, Новоильиновка ауылдық команда командалық 2 орынды иеленді, Рудный қаласының командасына 3 орын бұйырды. Қатысушылар мен дайындаушы жетекшілер Орынбай Тұралы мен Хабылхан Қадірбекті тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және бұдан да үлкен жеңістер тілейміз!
https://dshi-bmailin.edu.kz/zh-lykt-r4759843/10033-nauryz-merekesine-arnal-an-to-yz-mala-tan-alaly-turnir.html#sigFreeIded11f7ab16